«Қауіпсіз маршрут» атты жол қозғалысы ережелері бойынша квест бүгін Айыртау аудандық орталық кітапханасының балалармен жұмыс бөлімінің кітапханашысы Н.Н. Ерёменконың ұйымдастыруымен және Айыртау ауданы ПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ж.В. Казбекова мен Айыртау ауданы ПБ ӘПБ ППТ инспекторы, полицияның аға лейтенанты Г.Т. Туяковтың қатысуымен «Колосок» бөбекжай-бақшасының «Непоседы» тобы тәрбиеленушілеріне өткізілді. Іс-шара республикалық «Қауіпсіз жол» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Танымдық десанттың бастапқы аялдамасы ретінде бөбекжай-бақшаның стадионы таңдалды.
Дәл осы жерде бүлдіршіндер жол қозғалысының негізгі ережелерін қайталап, «Бағдаршамның үш белгісі», «Автобус» ойындарын ойнап, қызықты жұмбақтардың шешуін тапты.
Одан кейін барлығы бірге білім беру мекемесінің аумағынан шығып, балалардың ата-аналарымен күн сайын балабақшаға келетін бағыты бойынша жүріп өтті. Ұл-қыздар жаяу жүргіншілер өткелінде жол қозғалысы ережелерін тәжірибе жүзінде бекітіп, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің міндеттері туралы білімдерін толықтырды.
Кейін олар тротуармен бағдаршамға дейін барды.
Бір жағдайда балалар жолды бағдаршамның жасыл белгісі бойынша кесіп өтсе, екінші жағдайда реттеуші көлік қозғалысын тоқтатқан кезде өтті. ЖҚЕ-квесті Саумалкөл ауылындағы ең үлкен жаяу жүргіншілер өткелінде қорытындыланды.
Балалар жарақатының алдын алу мен жолдағы қауіпсіздікке бағытталған осындай бірлескен іс-шаралар білімдік әрі тәрбиелік мәнге ие. Олар балалардың жадында ұзақ сақталып, бүлдіршіндер бұл туралы өзгелерге, соның ішінде ересектерге де міндетті түрде айтып жүретін болады.
