Құзыреттілік орталықтарының қатысуымен облыстық әдістемелік күн ұйымдастырды

2026 жылғы 30 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы КММ «Әдістемелік орталығы» мектепке дейінгі білім беру құзыреттілік орталықтарының қатысуымен облыстық әдістемелік күн ұйымдастырды.

Іс-шара тәжірибе алмасу, тиімді педагогикалық тәжірибелерді көрсету және мектепке дейінгі білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау алаңына айналды.

«Колосок» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері Имантаева Ж.Т. мен Бурковская М.В. өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Имантаева Ж.Т. «Заманауи сын-қатерлер жағдайындағы мектепке дейінгі білім беру» тақырыбында баяндама жасады.

Бурковская М.В. «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік, коммуникативтік және шығармашылық құзыреттерін дамытуда "Тілге бойлау“ және „Тіл мұрасы“ бағдарламаларын іске асырудың тиімді құралы ретінде Magic Tas топтамасы» тақырыбында практикум өткізді. Практикум барысында топтаманы білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.