«Таза Қазақстан» - жасыл болашаққа қосқан үлес

30 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында біздің бөбекжай-бақшада ағаш отырғызу шарасы өтті. Іс-шараға бақшаның барлық топтары, тәрбиешілер мен ата-аналар қатысты.

Акцияның басты мақсаты - балаларға табиғатқа деген жанашырлықты, қоршаған ортаға сүйіспеншілікті дарыту және ерте жастан экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.

Осы күні бөбекжай-бақша аумағына шие, алма, алмұрт, шетен, емен, пирамидалы терек, туя, алхоры, қайың, мойыл көшеттері отырғызылды.

Балалар ағаш отырғызу үдерісін үлкен қызығушылықпен бақылап, іс-шараға белсене қатысты. Тәрбиеленушілер үшін біздің жаңа дендрарийіміз зерттеу жүргізуге, бақылау жасауға және жаңа жаңалықтар ашуға арналған ерекше алаңға айналады.