Республикалық «Әсемпаз болма әрнеге» байқауының облыстық кезеңінде «Колосок» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Сейтжанова Гульсана Балтабековна І орынды иеленсе, оның әріптесі Жунусова Асемгуль Кадировна – ІІ орынға ие болды.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» аймақтық байқауында Макулова Сая Елубаевна ІІІ орынды иеленді.
«Қазақшаң қалай, балақай?» республикалық байқауының аудандық кезеңінде қазақ тілі пәнінің педагогі Хасенова Айнур Анатольевна тәрбиеленушілерімен бірге І орынды жеңіп алды.
«Өнеріміз саған – Қазақстан» республикалық байқауының аудандық кезеңінде «Үздік мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша тәрбиеленуші Жоламан Айару (тәрбиешілері Имантаева Жулдыз Тулеуовна мен Макулова Сая Елубаевна ) ІІ орынды иеленді.
«Кәсіподақтағы жастар – кеше, бүгін, ертең» атты эссе байқауының аудандық кезеңінде кәсіподақ мүшелері арасында тәрбиеші Ирина Евгеньевна Ходякова І орынды жеңіп алды.
Құттықтаймыз!
