25.04.2025 жылы жас мамандар-тәрбиешілер Макулова Сая Елубаевна мен Назымбек Альбина Борисовна «Жас маман – жас қадам» жас педагогтердің аудандық слётіне спикер болып сөз сөйледі. Әріптестер геймификацияны білім беру процесіне енгізу тәжірибесімен, мектеп жасына дейінгі балаларды қалай қызықты әрі табысты етіп оқыту туралы идеялармен бөлісті.
25.04.2025 жылы педагог-психологтердің әдістемелік әзірлемелерінің облыстық байқауының қорытындысы шығарылды, онда біздің педагог-психолог Серикбаева Умут Анатольевна «Ақпараттық флаер"номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді.
29.04.2025 жылы бақша тәрбиеленушілері арасында вокалистер байқауы өтті. І орынды «Жұлдыздар» тобының тәрбиеленушісі Тілеген Әміре «Анашым – ана» әнімен жеңіп алды, жетекшілері: С. А. Жанысов, Р. К. Жиенгалиева, ІІ орын – «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілері Витковская Дарья, Қуандық Ислам, Беляева Ева «Осень снова к нам пришла» әнімен, жетекшілері: А. Қ. Құбаш., Золотова Д. с., Калицкая Т. Д., ІІІ орын – «Дельфиндер» тобының тәрбиеленушілері Юлдашева Ойша, Кожевникова Евгения «Солнышко в окошко светит» әнімен, жетекшілері: Құбаш А.Қ., Омарова А. К., Сарманова Ж.К., ІІІ орын – «Юнга» тобының тәрбиеленушісі Мукатаева Амалия «Анашым – ана» әнімен, жетекшілері: Құбаш А.Қ., Бурковская М. В., Троян Н.Н., III орын – «Көбелектер» тобының тәрбиеленушілері Айтбай Айсезім, Оразалы Аружан, Батырхан Айша «Келді көктем» әнімен, жетекшілері: С. А. Жанысов, м. т. Кенжебулатова, С. Е. Боярисова.
30.04.2025 жылы «Бақытты отбасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды, онда «Өнегелі отбасы» номинациясы бойынша «Күншуақ» тобының тәрбиеленушісі Теміртас Жасминнің отбасысы жеңімпаз атанды, тәрбиеші Золотова Дарья Сергеевна.
