«Су күні»

Бүгін бізде «Су күні» өтті.

Таңертең балалар сумен денсаулыққа пайдалы қасиеттері және шомылу кезінде кездесетін қауіптер туралы танымдық әңгіме тыңдады.

Одан кейін бүлдіршіндер қызықты тәжірибелер әлеміне саяхат жасап, судың түсін өзгертіп, қалай толқындайтынын және жарқырап құбылатынын бақылап көрді. Сонымен қатар, олар сумен ойналатын көңілді қимылды ойындарға қатысты.

Күн танымды әрі қызықты өтті.