Ұстаздар күніне орай біздің бөбекжай-бақша педагогтерін құттықтап, таңдаған мамандығына деген адалдығы мен еңбегіне алғыс білдіруге арналған мерекелік іс-шара өтті.
Бөбекжай-бақша әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті әрбір педагогке арнап салтанатты кездесу ұйымдастырып, мерекелік пошта мен жарқын өнер көрсетулерге, жылы лебіздерге толы концерттік бағдарлама дайындады. 🎶💐
Мерекелік шара барысында облыс әкімі Ғ. Нұрмұхамбетовтің педагогтерге арналған құттықтауы оқылып, онда ұстаздардың елеулі еңбегіне, кәсіби шеберлігіне және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесіне зор алғыс білдірілді. 🌷
Мерекелік іс-шараның маңызды бөлігі - педагогтердің кәсіби шеберлігі, білім беру саласына қосқан үлесі және өз жұмысына жауапкершілікпен қарағаны үшін марапаттау болды.
🏅 Кәсіби біліктілігі мен жетістіктері үшін жас педагогтер, ал мектепке дейінгі білім беру саласындағы еңбегі үшін тәжірибелі педагогтер марапатталды. Олар:
Макулова С.Е., Сейтжанова Г.Б., Имантаева Ж.Т., Кошкарбаева Р.А., Кенжебулатова М.Т., Рсаева Б.Б., Бурковская М.В., Амержанова Д.Т., Омарова А.К.
🤝 «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Айыртау аудандық филиалы» грамотасымен:
Золотова Д.С., Жунусова А.К., Омарбекова У.М. марапатталды.
🌟 «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен:
Батенова Н.А., Рсаева Б.Б., Гордеева Ю.С., Омарова А.К. марапатталды.
Бұл - күн сайынғы тынымсыз еңбегі, білімі мен бүлдіршіндерге деген қамқорлығы үшін біздің педагогтерімізге арналған кішкентай ғана алғысымыз. ❤️
Ұстаздар күні құтты болсын, аяулы педагогтер! 🌷
