
Бүгін «Колосок» бөбекжай-бақшасының «Көбелектер» және «Жұлдызшалар» топтарының педагогтері мен ата-аналары «30 жұлдызды күн» жобасы аясында өткен «Шын жүректен кітап сыйла» қайырымдылық акциясына қатысты.
Ата-аналармен бірге 40 кітап жинадық.
Бұл кітаптар «Айыртау ауданының арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-нің «Алтын ұя» тобына сыйға тартылды.
Осындай игі істер арқылы біз балаларға тек білім ғана емес, мейірім мен қамқорлықтың да үлгісін көрсетеміз.
Барша үлес қосқан жандарға үлкен алғыс білдіреміз!
«Шын жүректен кітап сыйла!»
