Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында «Колосок» бөбекжай-бақшасында балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық жұмыстарының «Кішкентай жүрегімдегі Отан» атты тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды.
Ұсынылған қолөнер жұмыстарында Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерге, Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрмет көрініс тапқан.
Осындай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етіп, сондай-ақ отбасы мен бөбекжай-бақшасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.
