Оқырмандар сайысы өтті

Мемлекеттік маңызы бар мерекелердің бірі — Республика күні қарсаңында біздің бөбекжай-бақшамызда поэзия мен көркем сөзді сүйетін бүлдіршіндердің басын қосқан мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты — балалардың мәнерлеп сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту, шығармашылық қабілеттерін ашу, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Бүгін біз өз өнерлерін ерекше ықыласпен көрсетіп, өлеңдерін тебіреніспен және үлкен ынтамен оқыған дарынды, өнерлі әрі шабытты бүлдіршіндеріміздің — байқау жеңімпаздарының өнерін назарларыңызға ұсынамыз!