Отанға деген сүйіспеншілікпен жасалған шығармашылық туындылар!

Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында біздің бөбекжай-бақшамызда балалардың суреттері мен қолөнер бұйымдарының көрмелері ұйымдастырылды.

Мақсаты — балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, туған еліне, оның мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрметті тәрбиелеу.

Әрбір жұмыс — сүйікті Қазақстанымызға деген кішкентай жүректердің махаббат сезімінің көрінісі!