Қазақстан Республикасының күні қарсаңында «Еркемай» тобының бүлдіршіндері туған еліне арналған жарқын әрі әдемі панно жасап, бірлескен шығармашылық жұмыс орындады.
Осындай шығармашылық сабақтар балалардың бойында ерте жастан Отанға деген сүйіспеншілікті, бірлік сезімін қалыптастырып, бірлесе жұмыс істеуге деген қуанышты арттырады.
Қазақстанымыз гүлдене берсін, ал бүлдіршіндердің жүректері туған елге деген сүйіспеншілікке толсын!
