Қазақстан Республикасы күні қарсаңында «Дельфиндер» тобының бүлдіршіндері сүйікті Отанымызға арналған жарқын панноны қызығушылықпен жасады.
Бірлескен шығармашылық балаларды топпен жұмыс істеуге, қиялын дамытуға және ортақ нәтижеге қуануға үйретеді. Осындай іс-әрекеттер арқылы бүлдіршіндер кішкентай кезінен бастап туған елімен танысып, оны сүюге және қадірлеуге үйренеді.
