«Менің әкем бала кезінде - менің әкем қазір»

«Әкелер мектебі» жұмысы аясында біз жүрекке жылулық сыйлайтын ерекше челлендж өткіздік.

Бұл челлендж әкелеріміздің балалық шағына көз жүгіртіп, уақыттың сыртқы келбетті өзгертсе де, ең басты құндылықтарды  - мейірімді жүректі, отбасына деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты өзгертпейтінін көруге мүмкіндік берді.

Әкелердің балалық шақтағы суреттері мен қазіргі бейнелері -  жай ғана «бұрын және қазір» салыстыруы емес.

Бұл  - отбасы тарихы, ұрпақтар сабақтастығы және балалардың өз әкесін тек қорғаны әрі ақылшысы ретінде ғана емес, бір кездері өз армандары мен қызықты оқиғалары болған кішкентай бала ретінде тануына мүмкіндік беретін ерекше сәт.

Челленджге белсенді қатысып, шынайы эмоцияларымен бөліскен және отбасылық дәстүрлерді сақтауға үлес қосқан барлық әкелеріміз бен отбасыларымызға алғыс айтамыз!

#ӘкелерМектебі  #МойПапа #СемейныеЦенности #ПапаИРебёнок #Колосок