Ұлттық ойындар — ұлт қазынасы!

Қазақстан Республикасы күніне орай біздің бөбекжай-бақшамызда қазақтың ұлттық ойындарына арналған спорттық іс-шаралар өтті. Балалар «Бәйге», «Арқан тарту», «Асық ату» сияқты ұлттық ойындарға үлкен қызығушылықпен қатысты.

Іс-шаралардың мақсаты — балаларды ұлттық дәстүрлер мен қазақ халқының мәдени мұрасына баулу, ептілікке, шапшаңдыққа, мергендікке үйрету, дене қасиеттерін дамыту, сондай-ақ командалық рухты, достық пен Отанға деген құрметті тәрбиелеу.

Ұлттық ойындар балаларға өз халқының дәстүрлерін танып-білуге, мәдениетіне жақындауға және туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға көмектеседі. ❤️🇰🇿