«Колосок» бөбекжай-бақшасының спорттық өмірі

Өткен аптада «Ұстаз-2026» аудандық спартакиадасы өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа біздің «Колосок» бөбекжай-бақшасының командасы да белсене қатысты.

Биыл біздің команда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, үш бірдей марапатқа ие болды:

🏆 Асық атудан іріктеу кезеңінде І орын — Наурызбаев Д.Т.;

🏓 Үстел теннисінен ІІ орын — Назымбек А.Б., Нургалиев Д.М.;

🏐 Волейболдан ІІ орын — Наурызбаев Д.Т., Нургалиев Д.М., Жанысов С.А., Кашиков М.Б., Искаков Ж.С., Сейтжанова Г.Б., Калахова Н.В., Гульнова А.П.

Әріптестеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және оларға алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

Сонымен қатар, 21 сәуір күні бақша тәрбиеленушілерімен біздің түлектеріміздің бірі — қазіргі таңда жеңіл атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері, спорт шеберінің кандидаты Дмитрий Спасский кездесті.

Дмитрий балаларға спорттық жаттығу өткізіп, спорттағы жетістікке жету жолы туралы әңгімеледі. Ол табысқа жету үшін еңбекқорлық, тәртіп және тұрақты жаттығудың маңыздылығын түсіндірді.

Балалар спортшының медальдарын қызығушылықпен тамашалап, өз сұрақтарын қойып, оның жетістіктерінен үлкен әсер алды. Кездесу соңында тәрбиеленушілер спортпен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулықтарын күтуге және армандарына жету жолында ерінбеуге уәде берді.