"Kinoroom" - қысқаметражды анимациялық фильмдерді бірлесіп қарау өтті

«Колосок» бөбекжай-бақшасында инклюзивті білім беру идеяларын насихаттау аясында "Kinoroom" - "Кастрюлька Анатоля" және "Мой братик с Луны" қысқа анимациялық фильмдерін бірлесіп қарау – әлемді басқаша қабылдайтын балалар туралы әсерлі әңгімелер өтті.

Фильмдер инклюзия жайлы сөйлесіп қана қоймай, сонымен қатар баланың жеке басын, қадір қасиетін және үлкен ішкі әлемін көруге үйренудің маңыздылығы туралы терең әңгімеге себеп болды.