«Күдікті зат анықталған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеті»

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының 2026 жылғы 04 мамырдағы № 25 2-1/3184-И хаты және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығының талаптарын орындау аясында «Колосок» бөбекжай-бақшасында «Күдікті зат анықталған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеті» тақырыбында тәжірибелік оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараның мақсаты - террористік сипаттағы қауіп туындаған жағдайда қызметкерлердің іс-әрекет алгоритмін пысықтау, сондай-ақ қызметкерлердің жедел әрекет етуге және тәрбиеленушілерді қауіпсіз эвакуациялауға дайындығын тексеру болды.

Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, «Айналайын» тобының тәрбиеші көмекшісі ғимараттың бірінші қабатындағы баспалдақ алаңы маңынан күдікті пакет тапты. Қызметкер нұсқаулыққа сәйкес әрекет етіп, затқа қол тигізбей, бөгде адамдардың жақындауын шектеп, мекеме әкімшілігіне дереу хабарлады.

Бөбекжай-бақша басшылығы қауіпсіздік алгоритмін жедел іске қосып, төтенше жағдайлар қызметтері мен білім бөліміне шартты түрде хабар беруді ұйымдастырды.

Оқу-жаттығу барысында қызметкерлер қауіпті аумақты оқшаулау, балалар мен қызметкерлерді эвакуациялау, техникалық құралдардың жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық жауапты тұлғалардың өзара іс-қимылын пысықтады.

Тәрбиешілер балаларды қауіпсіз эвакуациялау бағыттары арқылы ұйымдасқан түрде сыртқа шығарып, жиналу орнында түгендеу жүргізіп, барлық тәрбиеленушілердің бар екендігі туралы әкімшілікке баяндады. Мейірбике балалардың эмоционалдық жағдайын бақылап, қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын болды.

Жаттығу қорытындысы бойынша әкімшілік тарапынан қызметкерлердің іс-әрекеттеріне, нұсқаулықтарды сақтауына және қойылған міндеттердің уақытылы орындалуына талдау жүргізілді.

Өткізілген оқу-жаттығу бөбекжай-бақша қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі әрекетке дайындығын көрсетіп, тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай жаттығуларды тұрақты түрде өткізудің маңыздылығын айқындады.