
Бүгін біздің бөбекжай-бақшамызда таңғы уақыт аралығында қазақ тілі педагогтерінің орындауындағы «Біз күнді іздейміз» атты театрландырылған ертегімен басталды. Балалар кейіпкерлердің қимылын қызыға тамашалап, оларға бірге күліп, бірге қуанды.
Түстен кейін «Шарлар күні» басталды. Балалар әуе шарларымен ойнап, эстафеталарға қатысып, ептіліктерін сынап, сондай-ақ қарапайым тәжірибелер жүргізді. Олар шарлардың қалай қозғалғанын, секіргенін және пішінін өзгерткенін бақылап, таңданды.
Күн жеңіл әрі көңілді өтті, балаларға жарқын әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
