Бүгін ересек топтар арасында біз «ЖарысTime» атты отбасылық спорттық шара өткіздік!

Шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, командалық рухты дамыту және спортқа оң көзқарас қалыптастыру.

Біздің отбасылар 5 кезеңнен тұратын барлық тапсырмаларды орындап, белсенділіктерін, достықтарын, өзара көмектерін және нағыз бірліктерін көрсетті.

Әрбір кезең жылдамдықты, мергендікті, білімді, күшті және бір команда болып жұмыс істеу қабілетін талап етті.

Ата-аналарға бөбекжай-бақшамыздың бастамаларын қолдағандары, белсенді қатысып, ынта танытқандары үшін үлкен алғыс айтамыз.

Балаларға: «спорт – қуаныш, қозғалыс және бірлік!» екенін көрсеткендеріңіз үшін рахмет!

Жарыс қорытындылары:

1-орын — Животовскийлер отбасы, «Радужная семья» командасы

2-орын — Каблакатовтар отбасы, «Айбын» командасы

2-орын — Гатько отбасы, «Семейный старт» командасы

3-орын — Бекеевтер отбасы, «Бақытты отбасы» командасы

Барлық қатысушыларды және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!