Бөбекжай-бақшадағы спорт күні

Бүгін біздің бөбекжай-бақшамызда “Спорт күні” өтті. Іс-шара балаларға қуат пен жағымды эмоция сыйлаған көңілді әрі белсенді іс-шаралар ұйымдастырылды.

Таңертең балалармен спорт және спорттық ойындар туралы әңгіме жүргізіліп, тәрбиешілер спорт тақырыбындағы дидактикалық ойындар өткізді. Балалар дене тәрбиесімен шұғылданудың, белсенді әрі қимыл-қозғалыста болудың маңыздылығын білді.

Одан кейін балалар қызыға қатысқан, жарысып, жеңістеріне қуанып ойнаған қимылды ойындар өтті.

Күннің шығармашылық бөлімінде балалар спорт тақырыбында жарқын суреттер салды.