Балабақша бітіру

Балабақша бітіру кеші - біз, тәрбиеленушілеріміз, ата-аналарымыз үшін әрқашан ерекше оқиға. Бұл 2023 жылғы түлектер үшін де жарқын әрі есте қаларлықтай болды. 44 жас капитан ұзақ сапарға - Жаңа білім теңіздерін бағындыруға аттанды!

Оларды алда не күтіп тұр? Олардың тағдыры қалай болмақ? Олар қай жолды таңдайды? - мұның бәрі болашақтың сұрақтары, бүгінде «Колосок» бөбекжай-бақшасының педагогтері мен ата-аналар мектеп өміріне алғашқы қадамын махаббатқа, мейірімділікке, қуанышқа, жақсы көңіл-күйге және, әрине, романтикаға толы етіп жасауға тырысты.

Екі апта бойы тәрбиешілер балаларды осы маңызды оқиғаға дайындады, қызметкерлер залды безендірді, атрибуттар жасады, ал ата-аналар болса музыкалық көріністер, оған сай костюмдерді де ойластырды. Демек, бәрі ойдағыдай болды! Балақайлар өздеріне, көрермендерге, үлкендердің олар үшін жасаған атмосферасына риза болды. «Айналайын» тобының ата-аналарына – бөбекжай-бақшаның түлектері әніне, «Көбелектер» тобының ата-аналарына – қарақшылардың өте көңілді биі үшін ду қол шапалақ соғылды.

Балабақша бітіру кеші дәстүрлі фотосессиялармен аяқталды.

Жорытқанда жолдарың болсын, біздің қымбатты түлектер! Алдағы сапар көптеген жаңа білім, жаңа достар, жаңа жағымды белестер әкелсін!