1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Біздің бөбекжай-бақшамызда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық керуені» атты мерекелік жәрмеңке өтті.

Іс-шараның мақсаты- балалардың бойында мейірімділік, ұйымшылдық және әртүрлі ұлт өкілдеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Мерекелік іс-шараның басында балалар әртүрлі ұлт өкілдері ретінде сахнаға шығып, өз мәдениеттерінің ерекшеліктерімен қысқаша таныстырды.

Кейін олар ұлттық ойындарды көрсетіп, оған басқа топтардың тәрбиеленушілерін қатыстырды.

Іс-шараның соңында қонақтарға ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Мереке балаларға жарқын әсер қалдырып, достық пен сыйластықтың бәрімізді біріктіретінін тағы бір мәрте ұғындырды.

Мерекені ұйымдастыруға көмектескен ата-аналарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.