Мемлекеттік қызметтер

2023 жылғы І кварталға «Колосок» бөбекжай-бақшасында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат.

   Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 254 қағидаларына сәйкес (мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымға бос орындарға жіберу, құжаттарды қабылдау, меншік түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттік білім беру тапсырысымен мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау және педагогтерді аттестаттау) 23 қызмет көрсетілді.

   2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 наурызға дейін МДҰ-ға 6 тәрбиеленуші қабылданды, 16 тәрбиеленуші шығарылды. Қазіргі уақытта бос орындарға арналған бюллетеньдер жарияланды: 5 жас (қазақ тілінде оқытылатын) – 3 орын.

   2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 наурызға дейін МДҰ-ға "педагог-тағылымдамашы" біліктілік санатын беруге 1 өтініш берілді.